1

Кіру

1 Мамыр

Қазақстан  халықтары  бірлігі күнің  тойлау  барысында  «Первомайск негізгі мектебі»ММ мерекеге сай жоспар құрылып, бекітілді және соған сай арнайы келесі іс-шаралар өткізілді.

 Қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің мұғалімдері дайындаған «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік және келісім» атты тақырыпта  шығармалар сайысына 5-8 сынып оқушылары қатынасты.

30 сәуір күні «Бейбітшілік пен мейірім мерекесі» атты мерекелік линейкадан басталды, онда  Отан туралы өлеңдер мен «Мен, сен және ол нағыз дос отбасы » атты ән салынды.

Мұғалімдер ұйымдастырған мектептегі «Халықтар бірлігі» фистивалі өте қызықты, танымды әрі түрлі түсті болды. Әр ұлттың ұлттық киімдерін киген оқушылар шарлар мен гүлдер ұстап, Отан туралы өлеңдер оқып, бейбітшілік, мейірім туралы әндерді орындады.

7-8 сыныптың жетекшісі Н.А.Пачкина оқушылармен  «Халықтар достығы – Қазақстанның гүлденуі мен көркеюі» атты тілдесім өткізді, з.Ж.Кабылдинова болса 5-8 сынып оқушыларын «Қазақстан халықтары достығы» атты әдеби қонаққа шақырды. Қазақ тілінің мұғалімі Р.Р.Сагимбекова бастауыш сынып оқушылары арасында «Шашу» атты танымды әрі қызықты үзіліс өткізді. Г.О.Сыздыкова өз оқушыларымен  Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған ашық сынып сағатын өткізді оған барлық  бастауыш сынып оқушылары  шақырылды.  Мереке алдында «Мейірімді істер күні» акциясының аяқталуы негізінде «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшыларымен аға жетекші Е.Н. Ратушная бірігіп,  жалғыз басты зейнеткерлерге аула ішін тазалап жинасуға көмектесті.

 

        Сынып жетекшілер Ә/Б жетекшісі:        З.Ж. Кабылдинова