1

Кіру

«Наурыз-мейрамы»

19 наурыз күні Первомайск негізгі мектебінде сағат 12.00-де бастауыш сынып кабинетінде наурыз мейрамына арналған іс –шара басталды.1-8 сынып оқушылары мерекелік бағдарлама дайындады.Олар: әндер, билер және әр түрлі көріністер болды. Сонымен қатар қазақ елінің кейбір дәстүрлері: «Беташар», «Тұсаукесер», «Бата беру», «Шашу» т.б..

Сонымен қатар оқушылар көктем және наурыз туралы өлеңдер оқыды. Мереке өткен кабинет киіз түрінде әшекейленді. Үстел үстінде әр түрлі ұлттық тағамдар қойылды. Барлық сыныптар  мерекенің басты тағамы наурыз көже дайындады. Осы мерекеде қазақтың халық ертегі кейіпкерлері Алдар көсе, Бай, қыдыр ата және т.б, кейіпкерлерді көруге болады. Мерекеге арнайы ата-аналар, ауыл ақсақалдары шақырылды.

Мереке соңы 6 сынып оқушысы Сейтказинова Аминаның орындауындағы «Наурыз»  әнімен аяқталды.