1

Кіру

8 наурыз мерекесі

Біздің мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары дайындаған сайыстық-қызықты мерекелік 8 наурызға арналған бағдарлама аналар мен апаларымызға мазмұнды әрі қызықты есте қалады.

Мереке басталар алдында жиналған аналар мен апаларды мектеп директоры Т.М.Рассохина шың жүректен құттықтады.

Сынып, тамаша әсем безендірілген.1-8 сынып оқушылары өлең оқып, би билеп,көңілді әрі тамаша ән салды.Әсіресе  өздерінің керемет вокалды өнерлерін көрсеткен 1-4  сынып оқушыларын атап өткен жөн, олар:(Нургалиева Индира, Сейтказинова Ғалия,Сейтказинова Назира, Хамзина Алтынай,Нургалиев Ерлан, Глаголев Артем мен Глаголев Семен) Бағдарлама аналар мен апаларға арналған өлеңдермен басталды.. Ары қарай жүргізуші аналар мен апалардың «Колокольчик» және олардың қыздарының командасы «Ромашки» қатысуларымен қызықты – сайыстық бағдарламаның басталуын хабарлады.Командалар өздерінің ұрандарын құрастырғанша 4 сыныптың қыздары «Мамонтеноктың әні» атты әнді орындады.  

5,6 сыныптың оқушыларының орындаған өлеңдерінен аналар мен апаларға деген сүйіспеншілікпен махаббат таратылды.Әділ қазылар алқасы командалардың өнерін бағалау барысындағы сайыстар арасындағы өзіліс кезіңде аналар үшін балалар ән айтып, би биледі. . Қонақтар 8 сынып оқушылары Кабылдинова Мадина, Блохина Наташа және Нургалиева Каринаның билеген билерін жылумен қарсы алды.

Бағдарламаның қортындысында сайыстың жеңімпазы болып «Колокльчик» командасы атанды.Жеңімпаздар бағалы есте қалар сыйлықтармен марапатталды, ал жеңімпаздарға арнап 5 сыныптың оқушысы Нургалиева Каринаның орындауында «Мама» әні орындалып сыйланды.«Ромашки» командасының қатысушыларына да арналған тамаша сыйлықтар таратылды.Бағдарламаның кештің соңында оқушылар өз қолдарынан дайындаған сыйлықтарын аналарына сыйлады.