1

Кіру

Өзін-өзі тану бойынша іс – шара

Іс – шара «Мейірімді тілектер күні» атты мерекелік ленейкамен ашылды, онда оқушылардың сәлемдесуі, қуаныш тілектері және тамаша көңіл күй сыйланды.

Өзін-өзі тану пәнәнің мұғалімі Ратушная Елена Николаевна барлық оқушыларды  іс – шараның жоспарымен таныстырды, мерекеге белсенді қатынасуын және шығармашылық табыс тіледі.

Оқушылар достық, ана, мейірім және әлем туралы ән айтты, би биледі, өлең оқыды және сурет салды. Сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінің жетекшісімен «Достасуды үйренеміз», «Мейірімділік ол- адам жанына жылу беретін күн» және т.б. ашық іс-шаралар өткізілді. Мерекенің соңында үздік қатынасушылар грамота және сыйлықтармен марапатталды. Мектеп мұғалімдері өзін-өзі тану пәнінің жетекшісіне мол алғыстарын жаудырды.