1

Кіру

«Шәй ішіп, рахаттанамыз»

24 қаңтар күні  «Мы за чаем не скучаем» атты сайыстық бағдарлама өтті.

Төр алаңы мерекеге сай безендірілген, үстел үстінде әдемі дастархан мен кәдімгі самаурын осынын бәріне тамаша етіп жасауға жауапты мұғалімдер З.Ж. Кабылдинова мен О.В.Сейтказинова  тырысып бақты.

Бағдарламаның жүргізушісі Е.Н.Ратушная жүргізуші 8 сыныптың қыздары Мадина Кабылдинова мен Наташа Блохинаның көмектерімен сайыс өткізді. Әртүрлі шөптерден шайдан ауыз тигізу және бағдарламаның қатысушыларына әртүрлі шөптер және олардың қасиеттері туралы ақпарат жүргізілді. Бағдарлама қонақтары мен қатынасушыларға әртүрлі шөптерден демделген шай ұсынылды. Карина Нургалиеваның самаурын туралы әнінен кейін барлық қонақтар, оқушылар, мұғалімдер мен қатысушылар самаурыннан иісі мұрын жаратын хош иісті шөптерден дайындалған шәй мен біздің аспазшымыз Н.Н.Глаголеваның арнайы пісірген тәтісімен отырып, рахаттана шәй ішілді.  Бұл мерекеде  қөңіл күй тамаша болып,  барлығына өте қатты ұнады.